RU

Үндістанда бір тәулікте 8 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Вакцина салдыруға келгендер кезегі
Фото: David Talukdar/NurPhoto via Getty Images

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні елде коронавирусқа қарсы вакцинаны сегіз миллион адам салдырғанын хабарлады деп жазады РИА Новости.

Үндістанда халықты жаппай вакцинациялау уақытынан бастап есептегенде, бұл ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Осыған дейін елде жалпы 550 млн доза вакцина салынған.

"Үндістанда ұлттық вакцинация науқаны аясында соңғы 24 сағат ішінде 8,813 миллионнан астам вакцина дозасы салынды. Бұл вакцинация науқаны басталғалы бері бір күндегі ең жоғары көрсеткіш.
Осылайша Үндістанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар саны 550 миллионға жетіп отыр", - дейді елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Қазір елде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 123,5 миллион, екінші компонентін 431,1 миллион адам салдырған.

Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан деттің ауыр өтуін болдырмау және өлімнің алдын алу үшін вакциналардың тиімді екені дәлелденгенін айтқан еді.

Оның сөзінше, пандемияны тоқтату үшін барлық елде вакцинацияға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Соның ішінде вакциналар өндірісін қолдау және әр елдегі осал топтағы адамдарды қорғау үшін вакциналармен алмасуды (мүмкін болған жағдайда) жүргізу керек.

Одан бөлек, індетпен күресте қолды жуу, маска тағу, адамдар көп шоғырланған және жабық жерлерде физикалық қашықтықты сақтау маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927615-undistanda-bir-taulikte-8-millionnan-asa-adam-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy/