Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәстүрлі форматқа ауысатын Алматы мектептері қандай жағдайда қайта жабылуы мүмкін

Опубликовано:

Сынып
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептер онлайн білім беру жүйесіне көшірілу мүмкін. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Егер сыныпта коронавирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады", – дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол созылмалы ауруы бар оқушылар қалай оқитынын түсіндірді.

"Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай өтініш жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға форматқа көшеді", – дейді Алматының бас санитарлық дәрігері.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қалалық білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаева жаңа оқу жылынан бастап дәстүрлі форматта оқитын оқушылар сабақта маскамен отыратынын айтқан еді.

Балаларға тек асхана мен дене шынықтыру сабағында маска тақпауға рұқсат.

Олардың бетперделерін дер кезінде ауыстырып отыруын мектеп қызметкерлері қадағалайтын болады. Сондай-ақ, ғимараттарда пайдаланылған маскаларға арналған жәшіктер қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927617-dasturli-formatqa-auysqaly-zatqan-almaty-mektepteri-qandai-zagdaida-qaitadan-zabyluy-mumkin/

pixel