Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде шахтада болған жарылыстан бір адам қаза болып, екіншісі ауруханаға түсті

Опубликовано:

кен орны1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде шахтада болған жарылыстан кейін бір адам қаза болып, екіншісі ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 16 тамыз күні шамамен сағат 11:45-те Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы дөң-кен өндіру зауытында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

"Шахтада болған жарылыс жұмыстары кезінде екі адам толқынның астында қалып қойған.  Оның біреуі ер адам, екіншісі әйел. Әйел адам оқиға орнында қайтыс болды. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Бұл жайтқа байланысты құзырлы органдардан комиссия құрылды, тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Искарин.

Аудандық дәрігерлердің айтуынша, жарақат алған кенші ем алып жатыр.

"Жұмысшының жағдайы тұрақты ауыр. Біз санавиация шақырып, хабарласып, ем жүргізіп жатырмыз. Оған операция жасалмады. Қазір жансақтау бөлімінде. Жабық бас-ми жарақатын алған. Сол жағындағы қабырғасы сынған. Өкпесі де зақымданған. Тағы 2-3 күнде ем жүргізіп, санавиациямен ақылдасамыз. Қажет болса облыс орталығына тасымалданады", - дейді  Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927631-aqtobede-saxtada-bolgan-zarylystan-bir-adam-qaza-bolyp-ekinsisi-auruxanaga-tusti/

pixel