Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада көше қиылысында билейтін қызға шабуыл жасалды

Опубликовано:

1
Фото: instagram/ aida_uau

Нұр-Сұлтанда көше қиылысында билеген қыз өзін белгісіз біреу ұрғанын айтып, полицияға шағым түсірді.

Бұл ақпарат бойжеткеннің Instagram парақшасында пайда болды.

Астаналықтың сөзінше, ол бетін жауып үлгергенше белгісіз біреу оны аяғынан сыммен ұрған.

Ол бұны дәлелдейтін фотоны көпшілік назарына ұсынды. Суреттен бойжеткеннің аяғындағы жарақатты байқауға болады. Оның сөзінше, куәгерлер шабуыл жасаған адамды суретке түсіріп үлгерген.

Бойжеткен полицияға шағымданған. Аталған жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомство 16 тамызда 102 пультіне өзін белгісіз біреу ұрғанын айтып, шағымданған қыздан қоңырау түскенін мәлімдеді.

1
Фото: instagram/aida_uau

"Оның кешкі уақытта Мәңгілік ел - Керей Жәнібек хандары көшелерінің қиылысында билегені белгілі болды. Оған бейтаныс азамат келіп, дөрекі түрде үйге қайтуын сұраған. Қыз бас тартқан соң ол сыммен аяғынан ұрған", - дейді полициядан.

Құзырлы орган аталмыш факті бойынша, қылмыстық іс қозғалғанын, сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін елорда көшелерінің қиылысында бірнеше сағат бойы билеген арудың видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927641-elordada-kose-qiylysynda-bilegendi-unatatyn-qyzga-sabuyl-zasaldy/

pixel