Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды

Опубликовано:

аурухана113
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды. Денесінің 50 пайызын күйік шалған келіншектің жағдайы бірнеше күн бұрын күрт нашарлап кеткен деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Розовка ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмған. Бұған дейін оның жағдайының ауыр екенін дәрігерлер айтқан болатын.

"Науқастың жағдайы соңғы күндері нашарлап кетті. Осыған байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Өкінішке қарай, әйел қайтыс болды", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Розовка ауылының тұрғыны әйелін өртеп жібергені туралы хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғаны анықталған.

Яғни күйеуі мас күйінде өз көлігімен кетуге тырысқан, ал әйелі оған тыйым салған. Арада жанжал шығып күйеуі тоңазытқыштан спирт алып, жұбайының үстіне құйып, оттықпен жағып жіберген.

Есін жиған сәтте дереу өртті сөндіруге тырысып, жұбайының сыртқы қиімдерін шешіп, жедел жәрдем шақырған.

Зардап шеккеніне қарамастан келіншек күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда құқық қорғау органдары денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Болған жағдайға қарамастан, отбасының көршілері ерлі-зайыптылардың тату болғанын айтады. Олардың ортақ үш балалары бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927672-pavlodarda-kuieui-ortep-zibergen-aiel-qaitys-boldy/

pixel