Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанның "қызыл" аймақтарында тұрған өңірлерде локдаун сақталады

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі министрлер кабинетінің онлайн-отырысында демалыс күндері еліміздің "қызыл" және "қою қызыл" аймақтарда орналасқан өңірлерінде локдаунды сақтауды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цойдың мәліметінше, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 708 379 адам және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған 66 381 адам тіркелген.

Қазіргі уақытта Түркістан облысынан басқа барлық өңірі "қызыл" аймақта тұр.

"Соңғы үш аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуы байқалды, аптасына орта есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелуде. 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу индексі 1,11-тен 0,97-ге дейін яғни 14 пайызға дейін төмендеді.

Жалпы алғанда, бүгінде коронавирус жұқтырған 120 мыңнан астам пациент емделіп жатыр, алайда айта кеткен жөн, елдегі медициналық ұйымдардың жұмысы тұрақты.

Сонымен қатар, бірінші күні жансақтау бөліміне жатқызылған пациенттердің үлесі 40%-дан асты және бұл агрессивті "дельта" штаммының әсерімен, науқастардың өзін-өзі емдеумен және олардың медициналық көмекке кеш жүгінуімен байланысты", – дейді министр.

Осы ретте Алексей Цой республикадағы эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және коронавирус жұқтыру мен өлім-жітімнің өсуіне жол бермеу үшін "қызыл" және "қою қызыл" аймақтарда орналасқан өңірлерде демалыс күндері локдаун режимін сақтауды ұсынды.

Премьер-министр министрдің ұсынысын қолдады.

"Тұрғындардың шектеу шараларын сақтауын бақылауды жалғастыру керек, ол үшін өңірлерде мониторингтік топтардың саны көбейтілді, олардың қызметінің тиімділігін күшейту қажет. "Қызыл" аймақта орналасқан аймақтарда демалыс күндері локдаунды сақтау қажет", – деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927716-demalys-kunderi-qazaqstannyn-qyzyl-aimaqtarynda-turgan-onirlerde-lokdaun-saqtalady/

pixel