Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Алтын орда" базары маңында жолды кесіп өтпек болған жігіт мерт болды

Опубликовано:

Алтын орда11
Фото: almaty.tv

Алматыдағы Райымбек даңғылында, "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы жерде жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, Mitsubishi Galant Райымбек даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан.

Сол арада "Алтын орда" базарына қарама-қарсы жерден яғни жолүсті өткелінен 40 метр қашықтағы жерден ер адам жолды қиып өте бастаған.

Алайда жапониялық көліктің жүргізушісі тежеуішті басып үлгере алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 1986 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты салдарынан бір отбасының төрт мүшесі көз жұмғанын жазған едік.

Оқиға 16 тамыз күні сағат 19:15-те "Самара-Шымкент" автожолының Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанында болған.

Шалқар ауданының 39 жастағы тұрғыны, "Nissan X-Trail" автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан азаматының басқаруындағы "Volvo FH460" жүк көлігімен соқтығысқан.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың мәліметінше, жол апаты салдарынан "Nissan X-Trail" автокөлігінің жүргізушісі, 40 жастағы жұбайы, 11 жастағы ұлы алған жарақатынан оқиға орнында, 5 жасар ұлы ауруханада көз жұмған.

Қазір аталмыш факті бойынша, "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927724-almatyda-altyn-orda-bazary-manynda-zoldy-kesip-otpek-bolgan-zigit-mert-boldy/

pixel