Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жемқорлық бойынша бірінші орында тұрған сала аталды

Жарияланған күні:

Пара
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеті көбінесе қай салада анықталады? Бұл сұраққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хәкім Көшқалиев жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көшқалиевтің сөзінше, биыл 7 айдың ішінде өңірде жемқорлық бойынша 57 қылмыс тіркелген.

"Олардың ішінде 21 парақорлық, 4 алаяқтық және 18 жымқыру әрекеті. Облыста сыбайлас жемқорлық әрекетінен көш бастап тұрған сала - тұрғын-үй қатынасы. Ол бойынша 12 қылмыс, екінші орында полиция органдары 9 қылмыс, одан әрі білім саласы 8, әлеуметтік қызмет 7, жер қатынастары 6 және құрылыс саласында 5 қылмыс тіркеліп отыр. Әрине барлық жемқорлық әрекеттер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп, әр істің ақ-қарасы қаралды.

Сонымен қатар, жемқорлық әрекет орын алған ұжыммен түсіндіру жұмысы өткізіледі. Ондағы мақсат – сыбайлас жемқорлық әрекетін ендігі уақытта болдырмау", – дейді Хәкім Көшқалиев Antikor Live жобасының тікелей эфирінде.

Сондай-ақ, департамент басшысы жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарының жиі ұйымдастырылатынын атап өтті.

"Жыл басынан бері жеке өзім 43 азаматты түрлі сұрақтар бойынша қабылдадым. 2021 жылдың 7 айында 1 мыңнан аса түрлі арыз-шағым келіп түсті. Күніне азаматтардан 6-7 шағым келіп түсіп жатады. Әрине, біз өз кезегімізде халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымына сай, тиісті жауапты шұғыл түрде беруге тырысамыз", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927741-turkistan-oblysynda-qai-salany-zemqorlyq-zailagan/