RU

Жамбыл облысында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді (видео)

есірткі
Видеодан кадр: polisia.kz

Жамбыл облысында марихуананың аса ірі партиясын тасымалдаған есірткі сатушы ұсталды. Ол Қызылорданың 29 жастағы тұрғыны болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, "Қарасора-2021" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы-Екатеринбург тас жолының 366 шақырымында Қызылорда қаласының 29 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталған.

Тексеріс кезінде қызметтік ит өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтап белгі берген. Ер адамды тінту барысында жалпы салмағы екі келіге жуық "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927759-zambyl-oblysynda-esirtkinin-asa-iri-partiyasy-tarkilendi-video/