RU

Оралда 60 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап, көз жұмды

Терезе
Көрнекі фото: vsluh.ru: UGC

Оралда қайғылы жағдай орын алды. Қаланың 60 жастағы тұрғыны жетінші қабаттан құлап, көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін И.Ларин көшесіндегі көпқабатты үйде түске таман болды.

Жедел жәрдем жергілікті сағат 12.30-да шақыртылды. Алайда 1961 жылғы ер адам ауыр жарақаттан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда "Алтын орда" базары маңында жолды кесіп өтпек болған жігіт мерт болғанын хабарлаған едік. Қазір аталмыш факті бойынша, "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927774-oralda-60-zastagy-er-adam-zetinsi-qabattan-qulap-koz-zumdy/