Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы қонақ үйлерге КВИ жұқтырғандарды жатқыза ма: ҚДСБ жауап берді

Опубликовано:

Қонақ үй нөмірі
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде коронавирус жұқтырған науқастарға арналған станционар ретінде қонақтары бар қонақ үйлерді пайдаланады деген ақпарат шықты. Қазақстандықтар бұл фактіге наразылық білдіргенімен, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметті теріске шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндай ақпарат Facebook желісінде жарияланды.

Авторлар Алматының бас санитар дәрігерінің 5 тамыздағы № 313 "Коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық емес ұйымдардың тізімін анықтау туралы" бұйрығына сүйенген.

Авторлардың сөзінше, құжатқа сәйкес COVID-19 диагнозы қойылған науқастарды емдеуге болатын медициналық емес ұйымдардың қатарына бірнеше қонақ үй кірген.

"Бірақ, ең қызығы "Гранд Эрбиль" қонақ үйі бес қабатты ғимарат. Бірінші, екінші, үшінші қабаты қонақ үй режимінде жұмыс істесе, қалғандары инфекциялық станционар болмақ. Санитарлық ережелер бойынша мұндайға рұқсат па? Басқа қонақ үйлердегі жағдай да осындай болса таңғаларлық емес. Егер бәрін бірге орналастырса, онда мынадай шектеу, карантиндік шаралардың, маска тағудың, желдеткіш жүйесін талап етудің не қажеті бар?", - дейді хабарлама авторлары.

Осы ретте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұйрықтағы тізімде коронавирустық станцинонар ретінде қосымша орындар ашуға әлеуетті нысандар көрсетілгенін айтты.

"Үшінші эшелон - бұл коронавирустың жеңіл түрін жұқтырғандар немесе ауру белгілері жоқ орташа ауыр жағдайдағы адамдарға, үйде оқшаулануға мүмкіндігі жоқ азаматтарға арналған станционарлар. "Эрбиль" қонақ үйі қолайсыз жағдайларға байланысты инфекциялық станционар ретінде пайдаланылмайды.

Қонақ үйлер базасында ковидтік ауруханаларды ашу кезінде қонақ үйлерге қонақтардың да орналастырылмайтынын хабарлаймыз. Осылайша, тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство.

ҚДСБ мәліметінше, Алматы әкімдігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басты мақсаты - аурудың жаңа ошақтарын ашу емес, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927776-almatydagy-qonaq-uilerge-kvi-zuqtyrgandardy-zatqyza-ma-qdsb-zauap-berdi/

pixel