Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мықты спортшы екеніңді дәлелдедің": Сапарбаев Сметовке жаңа көліктің кілтін тапсырды

Опубликовано:

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметовті қабылдап, су жаңа темір тұлпар мінгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

Кездесуде аймақ басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өткен.

"Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екеніңді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың", - деді Бердібек Сапарбаев.
Елдос Сметов
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, облыс әкімі Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, алдағы уақытта да ел спортын дамыту жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі.

Ал спортшының жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Өз кезегінде дзюдошы да құрмет білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927785-myqty-sportsy-ekenindi-daleldedin-saparbaev-smetovke-zana-koliktin-kiltin-tapsyrdy/

pixel