RU

Тәліптер Ауғанстан туын алып митингке шыққандарға оқ жаудырды

Ауғанстан
Көрнекі фото: HOSHANG HASHIMI/AFP via Getty Images

"Талибан" қозғалысының әскерлері (Қазақстанда тыйым салынға ұйым) Ауғанстан туын қолдау митингісінің қатысушыларына оқ жаудырды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның дерегінше, атыс кезінде жарақат алғандар мен қайтыс болғандар бар.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, екі адам қайтыс болып, 10 адам жарақат алған. Ауғанстан туын қолдау акциясы Нангархар провинциясында өткен.

Назар аударыңыз! Виедода зорлық-зомбылық көрсетілген кадрлар бар. Бейнежазбаны кәмелет жасына толмағандарға, жүйкесі әлсіз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге көруге кеңес берілмейді.

Еске сала кетсек, 2001 жылы қайтыс болған ауғандық дала командирі Ахмад Шаха Масудтың ұлы тәлібтерге қарсы күрес бастап, оған өзі басшылық ететінін мәлімдегенін жазған едік.

"Панджшер арыстаны" атанып кеткен Ауғанстанның бұрынғы қорғаныс министрі әрі дала командирінің ұлы Ахмад Масуд "Талибандарға" (Қазақстан мен бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған ұйым) қарсы күресті қолына алды.

Бұл туралы ол La Regle du jeu басылымында жариялаған үндеуінде айтты. Сонымен бірге, Ахмад ерікті азаматтарды өзінің Панджшердегі әскеріне қосылуға шақырып отыр. Айта кету керек, Панджшер тәлібтердің қоластына өтпеген жалғыз провинция болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927786-talipter-auganstan-tuyn-alyp-mitingke-syqqandarga-oq-zaudyrdy-video/