RU

Көлігіне Қазақстан туын іліп алған атыраулық азаматқа айыппұл салынды

Көлік
Видеодан кадр: instagram.com/police.atyrau

Автокөлігінің капотына Қазақстан туын іліп алған Атырау тұрғынына айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, 16 тамызда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Еркінов-Амандосов көше қиылысында Қазақстан республикасының мемлекеттік туын автокөлігінің капотына жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін анықтады.

Нәтижесінде 33 жастағы жүргізуші "Мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін" бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1 бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көлік жүргізушісіне 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927800-koligine-qazaqstan-tuyn-ilip-algan-atyraulyq-azamatqa-aiyppul-salyndy/