RU

Коронавирус: Сотталушыларға туыстарымен кездесуге тыйым салынды

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті коронавирустың таралуына байланысты сотталушылардың туыстарымен кездесуіне тыйым салды. Бірақ бұл тыйым "қызыл" аймақтағы өңірлерге ғана қатысты деп хабарлайды ІІМ ҚАЖК ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлерде сотталуылардың туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер тоқтатылды.

"Бүгінгі таңда сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, короновирустық инфекцияның жаңа штамдарын жұқтыруға және таратуға жол бермеу, оның ішінде желдету, палаталар мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп жатыр", - дейді ведомство.

Бұл шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге (тасымалдауға) жататын мекемелердің персоналына қолданылмайтыны атап өтілді.

Бұдан басқа, вакцинациялаудың толық курсын алған жағдайда, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүргендер мекемеден тыс жұмыс объектілеріне жіберіледі.

"Пенитенциарлық мекеме - бұл аурудың тез таралу қаупін тудыруға әкеп соғуы мүмкін жазасын өтеп жатқан адамдар көп шоғырланған оқшауланған аумақ. Осыған қарамастан, қабылданып жатқан алдын алу шаралары бүгінгі күнге дейін сотталғандардың жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік береді", - дейді ҚАЖК.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер қайта берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927810-koronavirus-sottalusylarga-tuystarymen-kezdesuge-tyiym-salyndy/