Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала статусын иеленген Қосшыға алғашқы прокурор тағайындалды

Опубликовано:

Прокурор орны
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған.

Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы – Аппарат басшысы қызметтерін атқарған. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы 27 шілдедегі Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық мәртебесі бар қалаға айналған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927813-qala-statusyn-ielengen-qossyga-algasqy-prokuror-tagaiyndaldy/

pixel