Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк Эко-карта қолданушылар арасында 10 самокат ойнатады

Жарияланған күні:

Фото
Иллюстрация: Евразийский банк

Еуразиялық банктің бұл төлем картасы ерекше саналады, себебі, карта өңделген пластиктен жасалған және экологиялық функцияға ие. Қолма қол ақысыз жүргізілген транзакцияның 0,5% ағаш отырғызуға бөлінсе, байланыссыз жасалған төлем үшін клиентке 0,5% жіберіледі. Осы орайда, ойын-сауыққа арналған шығындарды, яғни, кино, театр, саябақтарды төлесеңіз, 30%-ға дейінгі бонус картаға қайта түседі. Карта тегін шығарылады. Тағы бір ағаш отырғызу үшін картаны пайдаланғаныңыздың өзі жеткілікті.

Алматы қалалық кеңесінің мүшесі, экологиялық акцияларды ұйымдастыруымен айналысатын танымал журналист Сергей Пономарев Эко-картаны алғаш иеленген жандардың бірі.

«Жасыл бонусы бар банк картасын шығару туралы бастама өте қажет еді. Қазақстанның ең үлкен мегаполисі Алматы ауаның ластануына қатысты үлкен проблемамен бетпе-бет келіп отыр. Мәселе 2025 жылы газға ауыстырылатын ТЭЦ-те ғана емес, ескі автомобильдердің өзі ауаны ластауға айтарлықтай әсерін тигізуде. Жыл сайын 5 000 тонна қорғасын біз жүретін көшеге жайылады. Жаңа тұрғын үй кешендерін салу үшін скверлер мен саябақтар оталып жатыр. Мұның салдары құстар мен жәндіктерге де тиюде. Тіпті, ағаштардың басым бөлігі де ауырып тұр. Шаған, жапырақты үйеңкі мен емендерді құрт жеп жатыр. Жергілікті билік мұндай жәндіктерге қарсы тұра алатын жаңа ағаштар егуге тырысуда. Алматыда жыл сайын миллион ағаш егу жоспарлануда, соның ішінде Эко-картасын тұтынушылар да өз үлесін қоса алады», - дейді Пономарев.
Фото
Фото: Евразийский банк

2021 жылдың маусымында Еуразиялық банк Mastercard және «Астана» АХҚО юрисдикциясымен Қазақстандағы көміртек бейтараптығына қол жеткізу мақсатында құрылған (оның ішінде ағаш егу де бар) Eurasian Environmental Fund-пен бірлесе отырып, Эко-картаны шығарғанын мәлімдеді. Жобаның алғашқы жұмысы ретінде 2021 жылдың маусымында Есентай өзенінің маңына жөке ағаштары отырғызылды.

Еуразиялық банк қазақстандықтарды аталған бастамаға үлес қосуға шақырады. 2021 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында Эко-картаны тұтынушылар арасында электросамокаттар ойнатылады. Ұтыс ойынына қатысу үшін міндетті түрде Эко-картаға тапсырыс беріп, айына 10 000 теңгеден кем түспейтін транзакциялар жүргізу қажет.

Осылайша, картамен мейілінше көп төлем жасаған сайын, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау көп көмек жасауға мүмкіндік турады.

*Лицензия № 1.2.68/242/40, ҚР қаржылық нарықты реттеу және дамыту Агентігімен 2020 жылдың 3 ақпанында берілген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927815-euraziyalyq-bank-eko-karta-qoldanusylar-arasynda-10-samokat-oinatady/