RU

Найзағай, бұршақ: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Найзағай
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

19 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтiледі. Жел солтүстік-батыстан, күші күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с қүтіледі. Орал қаласында күндіз 19 тамызда 38 градус қатты ыстық қүтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертен тұман күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927824-naizagai-bursaq-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/