Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер: Аллергиясы барларға вакцина салдыруға болады

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі "Ел үшін егілемін" азаматтық штабының мүшесі, аллерголог Рафаэль Розенсонның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаға аллериясы барлар өте сирек кездеседі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қандай санаттағы азаматтарға екпе алуға болмайтындығы туралы сан мәрте рет айтылды. Бірақ "Егер вакцинаның бірінші компонентін алған адамда аллергия байқалса, оған екіншісі салына ма?" деген сауал көпшілікті мазалап жүр. Бұндай жағдай өте сирек болады. Бірақ менің тәжірибемде кездесті. Мәселен, "Спутник V" екпесінің бірінші компонентін алған әйелде аллергиялық реакция байқалған. Енді оған екіншісі салынбайды. Қазір біз әйелге құрамы жағынан қарсы көрсетілімдері жоқ вакцинаны таңдап жатырмыз", - дейді Рафаэль Розенсон.

Оның айтуынша, вакцина алмас бұрын аллергиялық асқынуды емдеп алған жөн. Бұл көбінесе маусымдық аллергияларға қатысты.

"Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғанда ел арасында "поллиноз" деп аталатын аллергия ушығады. Енді оның аяқталуына да көп қалған жоқ. Содан кейін еш қорықпай вакцина ала беруге болады", - деді аллерголог.

"Ел үшін егілемін" азаматтық штабының мүшесі өз сөзінде қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп кеткендіктен тұрғындарды карантин шараларын бұзбауға және індеттен қорғануға мүмкіндік беретін жалғыз амал – вакцина алуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927825-dariger-allergiyasy-barlarga-vakcina-saldyruga-bolady/

pixel