jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматылықтар жарықты өшіргені үшін жолды жауып тастады

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда «Премьера» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жолды жауып тастады. Оған электр қуатының жоқтығы себеп болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наразы тұрғындардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Қаладағы ең үлкен «Премьера» тұрғын үй кешенін жарықтан ажыратып тастады. Осыған орай, тұрғындар көшеге шығып, жолды жауып тастады. Олар бәрін төлейміз дейді, ал қарыз 96 млн теңге. Кімдікі дұрыс?», - деп жазды бейнежазба авторы.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарлауынша, компания мен «Құрмет Достар» пәтер иелері коперативі арасында «Премьера» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау туралы келісімге қол қойылған. 18 тамыздағы жағдай бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС алдындағы тұтынылған электр энергиясы бойынша берешек 97 853 357,14 теңге.

«Электр желілеріне қосылған әрбір үй белгілі бір мөлшерде электр қуатын алады. Түбіртекте тұрғын үйді ұстау құны мен кіреберістердегі жарықтандыру ғана кірмейді. Бұл сонымен қатар жылыту қондырғыларына, лифт, домофон, бейнебақылау, циркуляция сорғылары, үйлердің жоғарғы қабаттарына су айдайтын сорғылар, ішкі шығын арқылы электр энергиясын жоғалтуға жұмсалатын шығындарды қамтиды. Яғни жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Әрбір көпқабатты үйде электр жабдықтарының жеке жиынтығы бар және энергия шығындарын талап етеді, олар тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар ретінде төленуі тиіс», - деп хабарлады « АлматыЭнергоСбыт «ЖШС.

Сәйкесінше, энергия тұтынуды қажет ететін белгілі бір инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешенінде тұру үшін пәтерлерге орнатылған есептегіштер үшін ғана төлеу жеткіліксіз, деп қосты компаниядағылар.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның қызметкерлері аталған тұрғын үй кешенінің хабарландыру тақталарына 18 тамыздан бастап электр қуатынан ажырату туралы ескерту қағаздарын ілді. Сонымен қатар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Премьер» тұрығын үй кешеніне жарық беруді тоқтату туралы өтінш түсірді.

«Десек те, электр энергиясы сол күні қайта қосылды»,- деп атап өтті компаниядағылар.

Алматылықтар жарықты өшіргені үшін жолды жауып тастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.