RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы да өсті

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде 7 737 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарлады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 337 адам тіркелді.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 824,

Алматы қаласында - 1570,

Шымкент қаласында – 418,

Ақмола облысында – 286,

Ақтөбе облысында - 401,

Алматы облысында - 423,

Атырау облысында - 450,

Шығыс Қазақстан облысында - 227,

Жамбыл облысында - 221,

Батыс Қазақстан облысында - 168,

Қарағанды облысында - 977,

Қостанай облысында - 264,

Қызылорда облысында - 232,

Маңғыстау облысында - 216,

Павлодар облысында - 388,

Солтүстік Қазақстан облысында - 166,

Түркістан облысында - 106.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 715 716 жетті.

Еске сал кетейік, бұған дейін Алматы қаласыынң әкімі Бақытжан Сағынтаев қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, алматылықтарға үндеу жолдаған болатын.

"Әр штамм пайда болған сайын күрделеніп барады. Қазір, міне, дельтаны көріп отырмыз. Өте қиын жағдайға алып келді. Оны науқастардың санынан-ақ көруге болады. Біздің клиникаларға күн сайын 700-750 науқас түседі. Тұрғындардан вакцина алуға үндеп жатырмыз. Вакцинацияның өзіне қарсы қанша әңгіме айтылды. Вакцина керек дегенге сенбейміз, керек емес дегенге көбірек сенеміз. Вакцинасыз шешім жоқ, осыны жақсы түсіну керек", – деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927861-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-da-osti/