RU

Қоқыс шашып кеткен: Air Astana стюардессасы қазақстандықтар ұшқаннан кейінгі бортты көрсетті

Ұшақ
Видеодан кадр: instagram.com/astanovka98

Air Astana әуе компаниясының стюардессасы желіде видео жариялап, Шарм-эль-Шейхтен келген астаналық жолаушылар ұшақтан түскеннен кейінгі борттың ішін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланды. Онда борттың мысырлық Шарм-эль-Шейхтен Нұр-Сұлтанға келгені көрсетілген.

Бейнежазба авторы Air Astana әуе компаниясының стюардессасы. Оның TikTok-та kami_stewardess деген парақшасы бар.

"Мен сіздерге қазір жолаушылар түскеннен кейінгі ұшақтың ішін көрсетемін", - дейді қыз.

Содан соң камераны салонға бұрған стюардесса орындықтарды видеоға түсірген. Кадрларда шашылып жатқан жастықтар мен қоқыстар, пакеттер, аяқ киімдер мен жолаушылар тамағының қалдығы көрсетілген.

Видеоны көрген желідегілер жарыса пікір қалдырды.

"Менің түсінуімше ауыл шарушылығы рейсі, шошқа тасымалы орындалған ба?", "Өзгенің еңбегін бағалай алмайды", "Мұндай адамдар үшін ұяламын. Ұяттары жоқ па?, - дейді олар.

Сонымен бірге видеодағы жағдайдың қалыпты әрі Мысырдан Нұр-Сұлтанға дейін ұшу уақыты ұзақ екенін, бортта қоқыс контейнері жоқ екенін айтқандар да табылған.

"Бұл қалыпты. Ұшу уақыты ұзақ. Балалар көп", "Адамдар 5 сағаттан артық ұшады, бұл қалыпты", "Егер кіреберісте кинотеатрлардағы секілді жәшіктер тұрса, мұндай болмас еді. Егер әуе компаниясы осыны ойланбаған болса, онда өздерің жинаңдар", - дейді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927888-qoqys-sasyp-ketken-air-astana-styuardessasy-qazaqstandyqtar-usqannan-keiingi-bortty-korsetti/