RU

"Жағдай ушығуда": СҚО-да коронавирустан көз жұмғандар саны күрт өсті

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов соңғы бір айда өңірде коронавирустан көп адам көз жұмғанын жеткізді.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, облыс әкімдігінің отырысында Айманов пандемия басталған уақыттан 15 шілдеге дейінгі аралықта өңірде қайтыс болғандар саны 43 адамды құрағанын жеткізді.

Ал 15 тамыздан бері коронавирустың күрт өсуіне байланысты тағы 45 адам көз жұмған.

"Осылайша, 18 тамыздағы мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 88 адамды құрады, олардың біреуі бала",-деді шенеунік.

Ол сонымен қатар соңғы үш аптада төсек сыйымдылығы 2,7 есеге артқанын және облыста төсек орындар 44 пайызға толғанын атап өтті.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 7 737 адамнан коронавирус анықталды. Олардың дені Алматыдан. Ал Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті індеттің 166 жағдайы тіркелді.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 715 716 жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927902-zagdai-usyguda-sqo-da-koronavirustan-koz-zumgandar-sany-kurt-osti/