RU

Алматы облысында жол апатынан 21 және 23 жастағы екі полицей қаза тапты

Жол апаты
Көрнекі сурет: turkistan_polisia

Алматы облысында жол апатынан 21 және 23 жастағы екі полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 17 тамыз күні 22:00 шамасында "Алматы-Өскемен" тасжолында орын алған.

Анықталғандай "Тойота камри" көлігінде Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімінің екі инспекторы болған.

Олар 21 жастағы Мұхтар Нұртілеу және 23 жастағы Санжар Омарбек.

Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Үшінші полицей, 21 жастағы Мақсат Рамазан түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы әлеуметтік желі арқылы жүргізген тікелей эфир барысында марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927915-almaty-oblysynda-zol-apatynan-21-zane-23-zastagy-eki-policei-qaza-tapty/