Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайда болғаным құпия болсын": Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

Опубликовано:

ер адам4
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үйіне қайтып келіп, қайда болғанын айтудан бас тартты деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамызда Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 65 жастағы тұрғыны қоңырау шалған.

Ол 10 тамыз күні шамамен 20.30-да 60 жастағы бауыры үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізеді.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарына кірісіп, ер адамның баруы мүмкін жерлерін тексерген. Туыстары мен таныстарынан да жауап алыпты.

Үш күннен кейін хабар-ошарсыз кеткен ер адам бейтаныс адамдардан туыстары мен полиция өзін іздеп жатқанын біліп, үйіне оралады.

Оның жақындары мен құқық қорғау қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдіргені де айтылды. Сонымен қатар, жоғалып кеткен Көкшетау тұрғыны қайда болғанын айтудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927924-qaida-bolganym-qupiya-bolsyn-koksetauda-xabar-osarsyz-ketken-er-adam-tabyldy/

pixel