Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды унитазға байлап қойған": Атырауда түсірілген видео көптің зәресін алды (видео)

Опубликовано:

Бала
Видеодан кадр: Atyrauoil.news/Instagram

Желіде №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (жүйке-психикалық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернат) бұрынғы қызметкері түсірген видео тарады. Кадрдан горшокта отырған науқас балаларды унитаз тұтқасына жөргекпен және жаймамен байлап тастағаны көрінеді деп хабарлайды Ақ Жайық.

"Міне, ол жатыр, ешкім көмектеспейді. Бас медбике мүлде назар аудармайды. Ал ол бұрын тыныш бала болатын", - дейді видео авторы.

Ол сонымен қатар, беті қан болған қызды көрсетіп: "Балалардың жарақаты бар, бірақ ешкім дәрі бермейді" дейді.

Сонымен қатар, ролик авторы бұрынғы әріптестерін ұрлық жасады деп айыптайды.

Ал бұл жағдайға қатысты пікір білдірген полиция департаменті екі тәрбиешіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы ("Азаптау") бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

"Тергеу шаралары жүргізілуде. Балалардан дене жарақаты табылған жоқ" делінген ведомствоның хабарламасында.

Одан бөлек, видеоның сәуір айында түсірілгені, ал Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шілдеде түскені белгілі болды.

Басқарма бастығының орынбасары Альфия Төлеғагиеваның сөзінше, жақында прокуратура мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның тексеру жұмыстары Орталықта ешқандай заң бұзушылықты анықтаған жоқ. Ал видео авторы орталықтың мүлкін ұрлауға қатысы болғандықтан барлық мән-жай анықталғанша жұмыстан шеттетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927929-balalardy-unitazga-bailap-qoigan-atyrauda-tusirilgen-video-koptin-zaresin-aldy-video/

pixel