Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқайда бара алмаймын": Ashyq-та аттасының орнына "қызыл" мәртебе алған азамат мұңын шақты

Опубликовано:

ашық жобасы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ashyq жүйесінде қате кетіп "қызыл" мәртебеге ие болған Ақтөбе тұрғыны көптеген қиындыққа тап болғанын айтады. Атап айтқанда, ол жұмысына бара алмай, ХҚКО және басқа да маңызды нысандарға кіре алмай жүр деп хабарлайды "Диапазон".

Алексей коронавируспен ауырмағанын айтады. Алайда, Ashyq-тағы мәртебесін тексерген ер адам ондағы "қызыл" түсті көріп аң-таң болған.

"Осының кесірінен мен жұмысқа бара алмаймын, әртүрлі мекемелерге кіре алмаймын, өйткені қазір барлық жерде дерлік Ashyq арқылы кіргізеді, ал маған "қызыл" мәртебемен мүлде ешқайда баруға болмайды!", – деп шамданды ер адам.

Ақтөбелік тұрғын өзінің аттасы коронавирус жұқтырғанын анықтаған, алайда олардың туған күндері мен тұрғылықты мекенжайлары сәйкес келмейді.

Соған қарамастан, мәліметтер базасына Алексейдің ЖСН-ін енгізіп, аттасының тұрғылықты мекенжайын тіркеген.

"Біреудің байқаусыздығынан мен бірнеше күн бойы әдеттегі өмір салтымды жүргізе алмадым. Егер мен Ashyq қосымшасы арқылы кіретін мекемеге барсам, біріншіден, мені кіргізбейді, екіншіден маған айыппұл салады. Бұл аз ақша емес", – деп жазады Алексей.

Қала тұрғынын оның жұмысқа шықпаған күндерінің ақшасын енді кім төлейтіні қызықтырады.

№4 емханадағылар өз қателігін мойындады. Бас дәрігердің міндетін атқарушы өз хатында бұл жүктеме мен аттас адамның деректерін енгізуге байланысты жылжымалы бригада қызметкерінің кінәсі екенін айтты. Бұл факт бойынша ішкі талдау жүргізілді, бірақ әзірге ақтөбеліктің деректері базадан жойылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927934-esqaida-bara-almaimyn-ashyq-ta-attasynyn-ornyna-qyzyl-martebe-algan-azamat-munyn-saqty/

pixel