Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов елімізде мектеп директорларының жалақысы өсетінін мәлімдеді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: www.kaznpu.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында мектеп директорларының жалақысын көтеруге қатысты жоспарлар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, қазіргі таңда мектеп жетекшілерінің жалақысын көтеру мәселесі талқылануда.

"Қазіргі жалақы деңгейіне байланысты бәсекеге қабілетті менеджерлер жетекші болып жұмыс істеуге қызықпайды. Жалпы алғанда, үздік педаготер оқу ісінің меңгерушісі не болмаса директор болып жұмыс істеуге қызықпайтынын бәріміз жақсы білеміз. Сол себепті өзгерістер қажет.
Бізде мектеп директорының жалақысы мұғалімдердікіне қарағанда төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл әртүрлі қауіп тудырады. Сондықтан білім және ғылым министрлігі біздің мектептерімізде директорларға жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс, сонымен бірге әртүрлі ұйымдар үшін еңбек ақыны төлеуді саралау енгізуді жоспарлап отыр", - деді Аймағамбетов.

Ведомство басшысы еңбек ақыны төлеуді саралауға қатысты түсініктеме берді.

"Біз 40 оқушысы бар директор мен 1200-2000 баласы бар директодың бірдей жалақы алатынын айтып отырмыз. Бұл жерде жүктеме мен жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Біз бұл туралы айттық және министрлік тиісті шешімді дайындап жатыр", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927938-aimagambetov-elimizde-mektep-direktorlarynyn-zalaqysy-osetinin-aitty/

pixel