Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда вакцина паспортын сатып алғанын мойындаған әйел көз жұмды

Опубликовано:

Науқас8
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда жансақтау бөлімінде вакцина паспортын сатып алғанын мойындаған әйел жүрегі тоқтап, қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, науқас шілде айында Нұр-Сұлтан қаласындағы туыстарының үйінде болған.

Ал Павлодарға келген соң 27 шілде күні оның дене қызуы көтерілген. Парацетамол арқылы емделе алмаған соң 29 шілдеде дәрігерлерге жүгінген.

"КҚМ рентгенографиясы жүргізілді, екіжақты пневмонияның белгілері анықталды. Әлсіздіктің артуына және дене қызуының тұрақты түрде көтерілуіне байланысты Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгінген. КҚМ КТ жүргізілді, полисегментальды пневмонияның белгілері анықталды. Шұғыл түрде стационарға жатқызылды", - дейді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Одан бөлек, пациенттің қан қысымы көтерілген, бірақ ол ешқандай есепте тұрмаған. Науқаста құрғақ жөтел мен әлсіздік те байқалған.

Өкпені жасанды желдету аппаратында 18 күн жатқан науқас денсаулығының күрт нашарлауына байланысты қайтыс болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін марқұмның жансақтау бөліміне коронавирус белгілері бар пневмониямен түскенін және сол кезде вакцинация паспортын сатып алғанын мойындағанын жазған едік.

Дәрігерлер сол кезде науқастың ауруы ауыр өтіп жатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927958-pavlodarda-vakcina-pasportyn-satyp-alganyn-moiyndagan-aiel-koz-zumdy/

pixel