jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Елімізде "Алтын белгіге" үміткерлер үшін талап күшейтіледі

Алтын белгі
Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Осы жылдан бастап оқу озаттарына "Алтын белгі" төсбелгісін алу үшін қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, БҒМ "Алтын белгіге" үміткерлер үшін талаптарды қатаңдату жұмыстарын өткен жылы бастаған.

"Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" алу үшін қойылатын талаптар күшейтіледі. Өздеріңіз білетіндей, біз оларды жыл сайын кезең-кезеңмен өзгертіп жатырмыз. Бұл мәселені өткен жылы көтердік (талапты күшейту туралы- ред.), кейбір өзгерісті енгіздік.
Биыл екінші кезеңде үміткерлердің бағасы тек жыл нәтижесі бойынша ғана емес, әр тоқсан бойынша қаралады. Яғни, оқушы 5- сыныптан 11- сыныпқа дейін әр тоқсанды 5 бағасымен қорытындылау керек. Осындай талап енгізіледі. Бұл өте маңызды. Сондықтан осындай шешім қабылдап отырмыз", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетсек, бұған дейін министр аталған жиында мектеп директорларының жалақысын көтеруге қатысты жоспарлар жайлы айтқан еді.

"Бізде мектеп директорының жалақысы мұғалімдердікіне қарағанда төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл әртүрлі қауіп тудырады. Сондықтан білім және ғылым министрлігі біздің мектептерімізде директорларға жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс, сонымен бірге әртүрлі ұйымдар үшін еңбекақы төлеуді саралау жұмыстарын енгізуді жоспарлап отыр", - деді Аймағамбетов.

Елімізде "Алтын белгіге" үміткерлер үшін талап күшейтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.