Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талибан" Ауғанстанның тәуелсіздік күнін атап өтті (видео)

Опубликовано:

Тәлібтер
Фото: Mir Ahmad Firooz Mashoof/Anadolu Agency via Getty Images

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның тәуелсіздік мерекесін тойлап, "әлемнің азулы державасын" жеңгенін мәлімдеді деп жазады Al Jazeera.

"Бақытымызға орай, бүгін Ұлыбританиядан азаттық алған күнімізді атап өтудеміз. Сонымен қатар, джихадқа қарсы тұруымыздың нәтижесінде әлемнің басқа азулы державасын,яғни, Америка Құрама Штаттарын Ауғанстанның қасиетті аумағынан шегінуге мәжбүр еттік", - дейді тәлібтер.

Әлеуметтік желілерде ауғандықтардың бұл мерекені қалай атап өтіп жатқаны туралы кадрлар да тарады. Видеодан олардың Ауғанстанның туымен көшеге жаппай шыққанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, 1919 жылдың 19 тамызынан бері Ауғанстан тәуелсіздік күнін атап өтеді. Дәл осы күні елдегі британиялық биліктің күші жойылғаны туралы келісім шартқа қол қойылды.

Еске сала кетейік, 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді.

Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

Сонымен бірге, Амрулла Салех өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, тәлібтерге қарсы тұруға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927974-taliban-auganstannyn-tauelsizdik-kunin-atap-otti/

pixel