Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы отандық екінші вакцина клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен өтті

Опубликовано:

Екпе
Фото: biosafety.kz

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья коронавирусқа қарсы отандық QazCoVac-P вакцинасы клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінен өткенін қазір екінші кезеңінен өтіп жатқанын айтты. Ол бұл туралы педагогтардың республикалық тамыз конференциясында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Күнсұлу Закарья биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары QazVac-пен қатар екінші QazCoVac-P екінші суббірлікті вакцинасын әзірлегенін жеткізді.

"Бүгінде препарат клиникалық сынақтардың алғашқы кезеңінен сәтті өтті. Қазіргі уақытта сынақтардың екінші кезеңінен өтіп жатыр. Коронавирусқа қарсы вакциналардың басқа түрлері де әзірленіп, лабораториялық зерттеу жүргізілуде", - дейді ол.

Одан бөлек, Күнсұлу Закарья отандық ғылымның маңызды жетістіктерінің бірі биологиялық қауіпсіздік проблемалары институтының QazVac сауда маркасымен шығарылатын QazCovid-in отандық вакцинасын әзірлеуі болғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта вакцина қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мақсатында қолданылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша вакцина Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберілді. Бүгінгі күні ол сәтті түрде тіркелді және медициналық қолданысқа рұқсат берілді. QazVac вакцинасына басқа елдер де қызығушылық танытып жатыр.
Біздің ғалымдарымыздың үлкен жетістігі- бұл вакцинаның клиникалық зерттеулердің екі кезеңінің нәтижесі The Lancet тобының беделді халықаралық журналында жариялануы. Вакцина тиімді нәтиже көрсетуде", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927987-covid-19-ekinsi-otandyq-vakcina-klinikalyq-synaqtyn-birinsi-fazasynan-otti/

pixel