Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндайды алғаш көруім": Қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзені қала тұрғындарын шошытты (видео)

Опубликовано:

Видеодан алынған кадр
Фото: instagram.com/kris_p_brothers_official

Үлкен Алматы өзеніндегі судың түсі қала тұрғындарын шошытты. Әлеуметтік желіде қызыл түске боялған судың видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазір Үлкен Алматы өзені осындай түс болып ағып жатыр. Мен өзеннің бойында орналасқан үйде тұрамын, 10 жылдан бері мұндайды алғаш көруім. Жариялауыңызды сұраймын. Шамасы, химиялық заттар төккен секілді. Бұл экологиялық апат", – дейді kris_p_brothers_official парақшасына видео жолдаған тұрғын.

Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандардың экологиялық полициямен бірге өзенге барғанын атап өтті. Қазіргі уақытта олар өзендегі судың таза екенін хабарлады.

Сондай-ақ, жасыл экономика басқармасы Райымбек даңғылының қиылысында қызыл түстің қалдығы бар екенін хабарлады. Басқармадағылар белгісіз зат төгілген деп болжап отыр.

"Экологиялық полиция кінәлілерді тауып, жауапкершілікке тартатын болады", – деп хабарлады жасыл экономика басқармасынан.

Үлкен Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Сол арада әлеуметтік желі қолданушылары Жұбанов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы арық суы да қызыл түсті болып ағып жатқанын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927998-ulken-almaty-ozeninen-aqqan-qyzyl-su-qala-turgyndaryn-sosytty-video/

pixel