RU

Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Жамбыл облысында коронавирус пен пневмония жұқтырып алған 179 науқас жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысының инфекциялық стационарларына барлығы 3 634 төсек орын қарастырылған, оның ішінде 1 976 кереует толтырылған, бұл - 54 пайыз.

"Қазіргі таңда жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте КВИ-дың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін ауруханадан барлығы – 11 713 азамат сауығып шықты. Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде" , - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928034-zambyl-oblysynda-179-adam-zansaqtau-boliminde-zatyr/