Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ата-анасы мас жатқанда кішкентай бала терезеге қыстырылып қалған

Опубликовано:

бала терезе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ата-анасы мас болып жатқанда 3 жасар бала терезеге қыстырылып қалып, бір сағаттай жылап тұрған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан азамат 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған балаларына қарамайтындығын айтты.

Тәртіп сақшылары мұны тексеру үшін көрсетілген үйге аттанған. Олар оқиға орнына жеткенде ерлі-зайыптылар ішімдікке масайып ұйықтап жатты. Ал 3 жасар балалары екі терезенің ортасында қыстырылып тұрған.

"Белгілі болғандай, бүлдіршін терезеге қыстырылған мысықты алып шығуға әрекеттенген. Алайда өзі де екі терезенің ортасына түсіп, 1 сағаттай жылап тұрды. Оның 4 жастағы ағасы ата-аналарынан көмек сұрап талай мәрте айқайлағанымен одан еш нәтиже шықпаған" , - делінген ақпаратта.

Әйел адам бала тәрбиесімен дұрыс айналыспағаны үшін осыған дейін де есепке алынған. Аталған оқиғадан кейін ерлі-зайыпты ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта балалар Өскемен қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

ШҚО-да терезеге қыстырылып қалған бала
Видеодан кадр: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928036-sqo-da-ata-anasy-mas-zatqanda-kiskentai-bala-terezege-qystyrylyp-qalgan/

pixel