Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

41 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Аптап ыстық
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, 19-21 тамыз аралығында антициклонның әсерінен, еліміздің бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа райы күтіледі.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты аздаған жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы ықтимал.

Сонымен қатар, солтүстікте 23...30, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25...40, орталық пен шығыста 17...35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.

Ал Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады және негізгі фондық температура 32...41 градус аралығын қамтитын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928054-41-gradusqa-deiin-ystyq-sinoptikter-aldagy-demalys-kunderine-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel