Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында Ashyq-қа енгізу үшін кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті "Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Аталған лауазымды тұлға СOVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, Ashyq қосымшасына енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны жасауға кәсіпкерлерден 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктелуде", – делінген агенттіктің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті ұсталып, Түркістан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында мониторингтік топ мүшелері ұсталғаны туралы жазған едік.

Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928097-ashyq-qa-engizgeni-usin-aqsa-algan-turkistan-oblysynda-sanitar-dariger-ustaldy/

pixel