Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есінен танғанша ұрған": Павлодар облысында күйеуі соққының астына алған әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Павлодар облысы Баянауыл ауданында ер адам әйелін соққыға жыққан. Салдарынан келіншек жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, оқиға 17 тамыз күні отбасы жұмыс істеп, өмір сүрген шаруа қожалықтарының біріндегі жайылымдық жерде болған.

"Отбасылық ұрыс кезінде ер адам әйеліне есінен танғанша бірнеше дене жарақатын салған. Алған дене жарақаттарынан келіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмған", - дейді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, Баянауыл ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақан зиян келтіру) бойынша тергеу басталған. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде дене жарақатын алып қайтыс болған 13 жағдай тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы Розовка ауылында күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болған еді.

Бұл жайт 8 тамыз күні сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыптылар арасында шыққан жанжал кезінде болған.

Яғни күйеуі мас күйінде өз көлігімен кетуге тырысқан, ал әйелі оған тыйым салған. Арада жанжал шығып күйеуі тоңазытқыштан спирт алып, жұбайының үстіне құйып, оттықпен жағып жіберген.

18 тамыз күні денесінің 50 пайызын күйік шалған келіншектің ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928122-esinen-tangansa-urgan-pavlodar-oblysynda-kuieui-soqqynyn-astyna-algan-aiel-qaitys-boldy/

pixel