RU

Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма

Ashyq қосымшасы
Көрнекі фото: gov.kz

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында "вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Оның сөзінше, вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса алады.

"Егер студент ғимаратқа Ashyq арқылы кіретін болса, онда ПТР анықтама талап етудің қажеті жоқ. Олар "көк" немесе "жасыл" мәртебемен кіреді. Яғни, ол "жасыл" түсті болса вакцина алған немесе таяуда ПТР тест тапсырған деген сөз", - деді комитет төрағасы.

Айжан Есмағамбетова сабаққа ПТР тестінің оң нәтижесі бар студенттер және коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандардың жіберілмейтінін жеткізді.

"Бірақ, мынаны ерекше атап өткім келеді. Егер, жоғары оқу орындары немесе колледж студенттерінің арасында коронвируспен ауырған адам анықталатын болса, онда онымен байланыста болған, вакцина алмаған студенттер бірінші кезекте 14 күндік карантинге жіберіледі", - деді комитет төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928173-vakcina-almagan-student-ashyq-arqyly-sabaqqa-qatysa-ala-ma/