Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстандағы қандастар елге қашан әкелінеді: СІМ жауап берді

Опубликовано:

Ауған босқындары
Көрнекі фото: STR/NurPhoto via Getty Images

СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Ауғанстандағы қандастарды елге әкелу жұмысы қандай сатыда тұрғанын түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір бүкіл дүниежүзі Ауғанстандағы жағдайды бақылап отыр. Сондықтан, нақты осындай келіссөздер болады, осындай шешімдер болады деп айта алмаймыз. Әрине, Президенттің тапсырмасы бойынша біздің елшілік қандастармен байланыста отыр.

Бүкіл ақпарат тексеріліп жатыр. Мұндай кездерде неше түрлі тексерілмеген ақпарат көп болады. Сондықтан кішкене шыдамды болу керек. Бұл бір күндік жұмыс емес. Тәліптер бола ма, басқалар бола ма, қандай үкімет келеді, сол үкіметпен бұл мәселе бойынша кейін келісөздер жүргіземіз", - деді Смадияров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы этникалық қазақтарға барынша көмек беруді тапсырған еді.

Сонымен бірге, Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысты еліміздің ұстанымы қандай екенін айтты.

Вице-министр Ақан Рахметуллиннің сөзінше, Қазақстан өзге елдер секілді әзірге Талибанды мойындамай, жағдайды бақылап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928180-auganstandagy-qandastar-elge-qasan-akelinedi-sim-zauap-berdi/

pixel