RU

"Тағдырыма ризамын": Ольга Рыпакова жолдасына жүрекжарды жазба арнады

Фото
Фото: Instagram/olgarypakova_official

Олимпиада чемпионы, жеңіл алтетикадан Қазақстан қоржынына бірнеше медаль сыйлаған Ольга Рыпакова желіде күйеуіне жүрекжарды жазба арнап, көптің ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшы жұбайына арнаған әсерлі жазбасын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін өмірімдегі ең жақын әрі сүйікті адамым, мені қалай бақытты етуді білетін жан – менің өмірлік жарымның туған күні. Спортшымен отбасын құрып, онымен өмір сүру оңай емес, бірақ ол – әлемдегі ең түсінігі мол адам деп айтсам, артық айтқаным емес.

Мен бізді осылай табыстырған тағдырыма, біздің сүйікті балаларымыз, бақыт пен берекеге толы шаңырағымыздың барына да шын жүректен ризамын.

Туған күнің құтты болсын! Саған зор денсаулық пен қызметіңде табыс тілеймін. Жақсылыққа толы тосынсыйлар көп болсын! Өмірдегі әр күнің қуаныш пен бақытқа толы болсын! Ал жаныңда жүрген адамдар әрдайым шынайы, әділ әрі ашық болуын тілеймін. Біз сені барлық жаңа бастамаларыңды қолдайтын боламыз. Сен әлемдегі ең керемет әке, жарсың! Сені қатты жақсы көремін", - деп жазба қалдырды спортшы.

Олимпиада чемпионының әсерлі жазбасын желі қолданушылары да қолдай кетті.

"Қандай керемет жазба, жолдасыңыздың туған күні құтты болсын, жұптарыңыз ешқашан жазылмасын", "Махаббат пен сүйіспенлішікке толы жазба екені көрініп тұр, аман болыңыздар, сіздермен мақтанамыз", "Тамаша, бақытты болыңыздар", "Ақылды, адал жар екеніңізді тағы бір мәрте дәлелдеп тұрсыз, сіздерге қарап көз тояды, аман болыңыздар", "Әдемі жұп, көз тимесін" деп жазба қалдырды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928181-tagdyryma-rizamyn-olga-rypakova-zoldasyna-zurekzardy-zazba-arnady/