Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шариғат заңына қайшы емес": Дінтанушы вакцинация туралы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Дінтанушы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Алмасбек Шағырбай вакцинация туралы сөз қозғады деп хабарлайды Азаттық рухы.

Алмасбек Шағырбай брифингте екпеден немесе қан құюдан бас тартатын азаматтардың, керісінше, діннен бас тартатынын, соның салдарынан адам өлімі болатынын жеткізді.

"Исламда адам өмірі мен денсаулығынан жоғары құндылық жоқ деген пәтуа бар. Сол себепті әркім өз денсаулығына ерекше назар аударуы қажет. Алла Тағала адамның өзіне сақтануды бұйырады. "Сақтансаң – сақтаймын" деген нақыл осыны білдіреді", - деді ол.

Дінтанушы мұсылман ғалымдардың, егер адам өлім мен өмір арасында тұрса, оны ажалдан құтқару үшін кейде тыйым салынған әрекеттерге де баруға болады деген қағидаларын еске салды. Себебі, мұндағы басты мақсат – адам өмірін сақтап қалу.

Осы орайда Алмасбек Шағырбай вакцинаға діни тұрғыдан тыйым салынбағанын атап өтті. Оның сөзінше, қауіпті дертке қарсы екпені халал немесе харам деп бөлу дұрыс емес.

Сонымен қатар, философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері діндарларды теріс қауесетке сенбеуге, тек медициналық мамандар берген әрі расталған ақпаратты зерделеуге шақырды.

Алмасбек Шағырбайдың сөзінше, коронавирус инфекциясынан қорғану үшін денсаулықты сақтау, витаминдерді қабылдау және екпе алу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928187-sarigat-zanyna-qaisy-emes-dintanusy-vakcinaciya-turaly-malimdee-zasady/

pixel