Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой вакцина салдырғаннан кейін қанша адам қайтыс болғанын хабарлады

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: Andreas Rentz/Getty Images

Қазақстанда вакцина алғаннан кейін 115 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз биыл ақпан мен шілде аралығындағы кезеңді талдап шықтық. Барлығы коронавирустан 4 969 адам қайтыс болды. Олардың ішінде 115 адам вакцина алған. Барлық өлім-жітімнің 2,3 проценті деген сөз, басым бөлігі – 97,7 проценті вакцина алмаған адамдар", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, екпеден кейін қайтыс болғандарда созылмалы аурулар болған. Соның ішінде қант диабеті, семіздік, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жолдарының аурулары бар.

"Созылмалы аурулары бар адамдарға "медотвод" тек аурудың ушығып кеткен кезеңінде ғана беріледі. Ондай адамдарға вакцина алу қажет. Себебі вирустан қайтыс болу қаупі жоғары. Созылмалы ауруы бар адамдарда вакцинадан кейін антиденелер бөлінбеуі де мүмкін. Коронавирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі вакцина алмағанын тағы қайталаймын", - деп атап көрсетті Цой.

Цой қай аймақта вакцинадан кейін адамдар қайтыс болғанын да айтты.

  • Ақмола облысы – 2;
  • Ақтөбе облысы – 5;
  • Алматы облысы – 3;
  • Алматы қаласы – 17;
  • Атырау облысы – 1;
  • ШҚО – 1;
  • Жамбыл облысы – 6;
  • БҚО – 4;
  • Қарағанды облысы – 9;
  • Қостанай облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 32;
  • Павлодар облысы – 2;
  • СҚО – 1;
  • Шымкент қаласы – 27.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928205-coi-vakcina-saldyrgannan-keiin-qansa-adam-qaitys-bolganyn-xabarlady/

pixel