Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін 95,3 млрд теңге жұмсаған

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен брифингте жыл басынан бері коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін қанша қаражат жұмсалғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цой министрлік жеткізушілерден вакцина бағасы туралы нақты мәліметтерді жариялауға рұқсат сұрағанын атап өтті.

Алайда ол құпиялылық туралы келісімге қол қойылғандықтан бұл мәліметтерді айта алмайтынын хабарлады.

"Барлық цифрлар мен бағалар бізге жеткізілетін зауыттардың ресми бағасы, яғни басқа елдерде ұқсас баға бар, бағалар бекітілген және ол сыртқы нарық үшін жеткізілім көлеміне байланысты болады", - деді министр.

Осы ретте ол вакцинаға кеткен жалпы қаражатты атады.

"Биыл 10 млн 890 мың адамды иммундау бойынша вакцина сатып алуға 95,3 млрд теңге жұмсалды. Жалпы алғанда, бізде вакцинаның бірнеше түрімен келісімшарт жасалған. "Спутник V" - 14,28 млн, Hayat-Vax - 11 млн, QazVac - 2,97 млн, Sinovac - 500 мың доза сатып алынды және қазір 4 млн Sinofarm дозасы жеткізіледі деп күтілуде", - дейді Алексей Цой.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қанша адамның қайтыс болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928209-qazaqstan-koronavirusqa-qarsy-vakcina-satyp-alu-usin-953-mlrd-tenge-zumsagan/

pixel