Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тойханалар мен клубтардың алдында полиция бекеттері орнатылатыны рас па

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қазақстандықтардың жаппай іс-шаралар өткізуіне жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Есмағамбетова коронавирустың өршуіне қарамастан ел тұрғындары карантин талаптарын жиі бұзатынын жеткізді.

"Заң бұзушылық әрекеттері тамызда 3,5%-ға дейін өсті. Коронавирус жағдайлары көп анықталған өңірлерде жергілікті атқарушы органдар қосымша шаралар қолданады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалардың жанында полиция бекеттері қойылған. Осыған ұқсас шара Алматыда да өткізілуде - оңтүстік астанада түнде жұмыс істейтін ойын сауық мекемелері мен ресторандардың жанында билік іс-шараларды өткізбеу үшін полиция посттарын құрды", - деді ол.

Сонымен қатар ол карантин талаптарын бұзатын әрбір азамат вирустың таралуына жол ашатынын атап өтті.

Осыған байланысты Айжан Есмағамбетова тағы да қазақстандықтарды КВИ-ге қарсы вакцинациялауға және карантин шараларын сақтауға шақырды.

"Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, адам көп жиналатын орындарға бармау керек, бұқаралық іс -шараларды өткізбеген жөн және тойларға қатыспау қажет", - деп сөзін қорытындылады сарапшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928216-qazaqstanda-toixanalar-men-klubtardyn-aldynda-policiya-beketteri-ornatylatyny-ras-pa/

pixel