Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сенбі күні карантин жеңілдетілуі мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі сенбі күнгі карантин тәртібін жеңілдетуге қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде "Атамекен" ҰКП-ның карантин талаптарын жеңілдетуге қатысты ұсынысы бойынша сұрақ қойылған.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова бұл мәселе тұрғысында алдағы бір аптада елдегі эпидемиологиялық жағдай назарға алынатынын жеткізді.

"Егер тұрақтану жағдайы жалғасатын болса, онда келесі сенбіден бұл шаралар қабылдануы ықтимал", - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндеріндегі локдаунға қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, "Атамекен" палатасы бұл мәселені ведомствомен бірге талқылаған.

"Егер бізде жағдай тұрақтаса, алдағы аптадан сенбі күніне қатысты жеңілдетуді қарастырып отырмыз. Атап айтқанда, Алматы бойынша ахуал күрделі, өлім-жітім мен індет жұқтыру деңгейі жоғары. Сондықтан қазіргі кездегі шектеу іс-шаралары ондағы жағдайға сәйкес келіп тұр. Бұл тұрғыда адамдардың өмірі маңызды. Осы жағдайға ерекше мән беріп отырмыз. Егер мүмкін болса, онда жеңілдету қадамдарын жасап, бизнес үшін мүмкіндіктерді ашамыз", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928218-qazaqstanda-senbi-kuni-karantin-zenildetilui-mumkin/

pixel