Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мониторинг тобы 256 нысанның карантин талаптарын бұзғанын анықтаған

Опубликовано:

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың тапсырмасына сәйкес мобильді топ кәсіпкерлік нысандар мен халық көп шоғырланатын орындарға күнделікті мониторинг жүргізіп келеді.

Қызылорда қаласында пандемиялық ахуалға байланысты талаптардың сақталуын бақылау мақсатында қала көлемінде 7, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде дәл осындай 9 топ, жалпы 16 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда облысы жұқпалы індеттің таралуы бойынша соңғы бір айдан бері "қызыл аймақта" тұрса да, өңірде думандатып той өткізу тыйылмай тұр. Мобильді топ тек қаланың өзінде ғана күніне үш-төрт тойды тарқатады.

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мәселен, жыл басынан бері 5700 - ге жуық нысан араланып, карантин талаптарын бұзған 256 нысанға (оның 85-і той: жеке үйде – 35, тойханаларда - 50) шара көру үшін құзырлы органдарға хабарламалар жолданған.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, мониторинг топ жетекшісі Бектас Нуридинов тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізудегі негізгі міндет – қала тұрғындарына той-томалақтар өткізудің қауіптілігін түсіндіру, қоғамдық орындарда санитария талабының сақталуын бақылау арқылы қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болу екендігіне тоқталды.

Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928219-qyzylordada-monitoring-toby-256-nysannyn-karantin-talaptaryn-buzganyn-anyqtagan/

pixel