Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалған паспорт алған адамдарға вакцина ақылы бола ма

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте вакцина паспорттарын сатып алған адамдарға амнистия жасауға қатысты сұрақ қойылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Министр қазіргі уақытта азаматтық қоғам осындай мәселені көтеріп отырғанын жеткізді.

Сарапшылар оның барлығын пысықтап жатыр, дейді Цой.

Оның сөзінше, медицина қызметкерлері тарапынан заңнаманы бұзу бойынша лайықты жаза болуы керек. Қазіргі кезде аталған заң бұзушылықпен қатаң күрес жүріп жатыр.

"Бізде ондай фактілер (жалған паспорттарды сатып алу - ред.) азайып келеді. Ондай оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Енді азаматтарды вакциналаумен қамтудың қадамдарын айқындап жатырмыз. Яғни заңнамалық мәселелерді пысықтап отырмыз. Атап айтқанда, жауапкершілік болуы керек. Кейбір адамдарды өзге біреулер шатастыруы мүмкін, олар қазір өздерінің көзқарасын өзгертіп жатыр. Азаматтар вакцинаның пайдасын көріп отыр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Цойдың сөзінше, анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері "вакциналау паспорттарын сатып алғандар алдағы уақытта екпені өз қаржатына сатып ала ма" деген сұрақ қойды.

"Бұл қадамдарды айқындап жатырмыз, яғни оның форматы пысықталуда. Заң аясындағы мәселелерді шешкен кезде, осы қадамдарды халыққа жария етеміз", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928222-zalgan-pasport-algan-adamdarga-vakcina-aqyly-bola-ma/

pixel