Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

Опубликовано:

Ұялы телефон1
Көрнекі фото: pixabay.com

Бас прокуратура Қазақстан халқына арандатушылық пен жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті, үндеу елдің Бас қадағалау органының ресми сайтында жарияланды.

Бас прокуратураның хабарламасында соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде арандатушылық және жалған материалдарды тарату жағдайлары жиілеп кеткенті жазылған.

Мұндай ақпараттық хабарлар вакциналау мен босқындардың келуінен бастап, тіл мәселесіне дейінгі әртүрлі тақырыптарды қамтиды.

"Жалған жарияланымдар болып жатқан оқиғаларды бұрмалайды, халықты жаңылыстырады.

Мысалы, жекелеген адамдар дәрігерлер мен ғалымдардың құзыретті пікірлерін елемей, "COVID-19" қарсы вакциналардың қауіптілігі мен тиімсіздігі туралы негізсіз жариялайды.

Кейбіреулер Конституцияда кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына – шығу тегіне, ұлтына және тіліне байланысты кемсітушілікке жол берілмейтініне ашық түрде қол сұғады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған құқықтар мен бостандықтарды бұзу және шектеу, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық кодекстің 145, 174, 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

"Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады", – деп түйіндеді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928225-bas-prokuratura-qazaqstandyqtarga-undeu-zoldady/

pixel