Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус АҚШ-та маймыл жасушаларынан жасалған": Желіде жалған ақпарат пайда болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желілердегі қазақстандықтар доктор Джуди Миковицтің COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусы шын мәнінде АҚШ-та маймыл жасушаларының негізінде жасалған деген мәлімдемесін талқылап жатыр.

StopFake ресми порталының хабарлауынша, бұл мәлімдеме жалған және тағы бір қастандық теориясы болып табылады.

Доктор Джуди Миковиц COVID-19 пандемиясына қатысты абсурдтық мәлімдемелерімен танымал.

Портал жазғандай, ол пандемия туралы жалған ақпараттың болуына байланысты көптеген интернет-платформаларда бұғатталған "Пландемиялық ақылсыздық" ("Пландемическое умоповрачение") атты атышулы фильмінің авторларының бірі.

Сондай-ақ, ол медициналық маскалар тағу "вирусты белсендіреді" және COVID-19 SARS-CoV-2 коронавирусы емес, ретровирустың бір түрі себеп болып табылатынын ашық айтты.

Бұл мәлімдемелерді фактчекерлер де, ғалымдар да бірнеше рет жоққа шығарды.

Оның SARS-CoV-2 коронавирусының америкалық зертханада жасалып, содан кейін Уханьға жеткізілгендігі туралы теориясына ешқандай дәлелдер жоқ және бұл ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.

Бұл вирустың пайда болуын бүкіл әлем ғалымдары зерттеуде. Мамандардың басым бөлігі патоген табиғи түрде пайда болды және гендік инженерия өнімі емес дегенмен келіседі.

Порталдың хабарлауынша, бүгінгі таңда SARS-CoV-2 коронавирус геномы толығымен ашылған және баршаға қолжетімді. Маймыл жасушаларын қолдану арқылы қолдан жасалды деп айтуға негіз жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928233-koronavirus-aqs-ta-maimyl-zasusalarynan-zasalgan-zelide-zalgan-aqparat-paida-boldy/

pixel